Erasmus+

 

Эразмус+ - Еуропалық Одақтың 2014-2020 жж. жаңа...

Маңызды!

Егер Сіздің жоғарғы оқу орныңыз PIC нөмір алмаған жағдайда..

Жоғары білім беру жүйесі

Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесі...

Темпус

Темпус - Еуропалық Одақтың 2007-2013 жж. бағдарламасы...

VISA

Бұл бөлім Erasmus+ бағдарламасы бойынша Қазақстанға келген еуропалық серіктестер үшін жасалған. Қазақстанда екі тәртіп әрекет етеді: визалық және визасыз.

Визасыз тәртіп

2014 жылдың 15 шілдесі мен 2015 жылдың 15 шілдесі аралығында Қазақстанда АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франця, Германия, Италия, Малайзия, БАӘ, Корея Республикасы және Жапония азаматтары үшін визасыз тәртіп әрекет етеді. Көрсетілген мерзімде әрекет етуші дипломатиялық, қызметтік және ұлттық төлқұжаттары бар аталған 10 елдің азаматтары мемлекеттік шекарадан өткеннен кейінгі 15 күн ішінде визасыз республика аймағында жүре алады және Қазақстанға келіп кете алады. ҚР аумағында болу уақытын қызметтік мақсатта (келісімге қол қою, келіссөздер) 15 күннен көбейту керек болса аталған мемлекеттердің азаматтары көші-қон полициясына қызметтік визаны ашуға арыз берулері керек.

Көші-қон полициясы 30 күнге арналған бір реттік қызметтік виза береді және тіркеу уақытын ұзартып береді. (http://www.mfa.gov.kz/index.php/ru/pravila-polucheniya-viz-rk/12-material-orys/678-vizovyj-rezhim-rk-s-drugimi-gosudarstvami)

Визалық тәртіп

Келу мақсатына қарай визаның дипломатиялық, қызметтік, іскерлік және т.б. түрлері бар (толық тізім http://mfa.gov.kz/index.php/ru/pravila-polucheniya-viz-rk).

Қазақстан Республикасында виза беру тәртібінің негізінде (әрі қарай – http://www.mfa.gov.kz/index.php/ru/pravila-polucheniya-viz-rk) http://www.mfa.gov.kz/index.php/ru/pravila-polucheniya-viz-rk) Қазақстан Республикасына іскерлік мақсатта келген азаматтарға іскерлік визалар беріледі.

Бір реттік, екі және үш реттік іскерлік визалар Эразмус + бағдарламасы бойынша өткізілетін іс-шараларға қатысу үшін шақырылатын еуропалық эксперттерге 30 күнге дейінгі уақытқа беріледі. Бұл визалардың әрекет ету мерзімі 90 күн, яғни әр келген сайын 30 күн уақыт беріледі.

Бір реттік іскерлік визаны алу үшін визалық қолдау мен шақыртылудан босатылған 48 мемлекеттің, азаматтары (Тәртіптің 7 қосымшасы) өз еліндегі қазақстан елшілігіне барып мына құжаттар пакетін өткізуі тиіс: сұралған визаның әрекет ету мерзімі біткеннен кейін ең аз дегенде әрекет ету уақыты 3 айдан кейін бітетін әрекет етуші төлқұжат; визаны жасау үшін сауалнама (Тәртіптегі 15 қосымша); 3,5х4,5 см мөлшердегі бір фотосурет; консульдық алымды төлегендігі туралы квитанция.

48 мемлекетке кірмейтін елдердің азаматтары визалық қолдауды рәсімдеуі керек. Визалық қолдауды рәсімдеу туралы ақпаратты Сіз ҚР СІМ сайтынан таба аласыз: (http://www.mfa.gov.kz/index.php/ru/konsulskie-voprosy-1/pravila- oformleniya-vizovoj-podderzhki/neimmigratsionnye).

Көп реттік іскерлік визалар еуропалық эксперттерді шақыру жағдайында 30 күннен артық уақытқа және көп реттік келіп-кету мүмкіндігімен рәсімделеді. ҚР елшіліктері жоқ ЕО елдерінің азаматтары үшін визалар ҚР СІМ консулдық пункттарында ҚР Халықаралық әуежайларында (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Өскемен және Орал) визалық қолдау немесе ҚР СІМ нұсқауы негізінде рәсімделеді. (Тәртіптер, http://mfa.gov.kz/index.php/ru/pravila-polucheniya-viz-rk).

Шақырушы ел ҚР СІМ ҚР келуге дейінгі екі апта уақыттан кешіктірмей визалық қолдауды рәсімдеуге қажетті құжаттармен бірге қуаттама-хат жолдауы керек. Визалық қолдауды рәсімдеуге 5 жұмыс күні уақыты кетеді.

Тіркеу

Эразмус+ бағдарламасы бойынша өткізілетін іс-шараларға қатысуға 5 күннен көп уақытқа Қазақстанға келген Еуропалық эксперттер Қазақстанға келген күннен бастап 5 күн ішінде тіркелулері тиіс. Ал эксперттер 5 күннен аз уақытқа келген болса тіркеу қажет емес.

Визалық қолдау мен шақырылудан босатылған 48 мемлекеттен шақырылған эксперттер , Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы рұқсатнама пункттерінде тіркелулері қажет.

Қандай да бір себеппен шетелдік азамат мемлекеттік шекарадан өткен кезде рұқсатнама пунктінен тіркеу ала алмаса, ол уақытша тұратын жері бойынша Ішкі істер министрлігінің көші-қон полициясында тіркелуі керек.

Тіркелу үшін ұлттық шекараны өту кезінде қойылған мөр мен күні көрсетілген төлқұжат және Қазақстан шекарасын өткен кезде пунктте берілген миграциялық картамен бірге бекітілген үлгідегі арыз беру керек.

Қазақстан Республикасына кірген кезде іскерлік визалары бар барлық еуропалық эксперттер миграциялық карталарын алуы қажет. (Миграциялық карта беру тәртібі/Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №133 қаулысы).

Присоединяйтесь к нам

Мы в Социальных сетях. Подписывайтесь на нас и оставайтесь в курсе новостей.
Эразмус+ Қазақстанда
mod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcounter
624
1080
3711
16354
468640

Веб-сайт Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде дайындалған, даму мәсәлелері мен ынтымақтастық жөніндегі Бас Директораты – EuropeAid және кеңейту мәселелері жөніндегі Бас Директораты қаржыландырады. Веб-сайттағы ақпараттар тек авторлардың пікірлерін көрсетеді. Веб-сайтта орналасқан ақпараттардың кез келген қолданылуын Атқарушы Агенттігі және Еуропалық Комиссия өз жауапкершілігіне алмайды.