ЭРАЗМУС+ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Эразмус+ - білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты және спорт жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы. Ол еуропалық елдер (Бағдарлама елдері деп аталатын) арасындағы, сонымен қатар, еуропалық елдер мен бүкіл әлем бойынша серіктес елдер арасындағы барлық осы салалардағы ынтымақтастық үшін қаржылық мүмкіндіктерді ұсынады.

Эразмус+ Қазақстан жоғары оқу орындарына және азаматтарына арналған төрт негізгі мүмкіндіктерді ұсынады:

1 Негізгі Әрекет

2 Негізгі Әрекет

Жан Моне


Эразмус+ бағдарламасы жоғары оқу орындарына және олардың қызметкерлеріне, зерттеушілерге және серіктес елдердің студенттеріне не ұсына алатынын білу үшін Брошюраны жүктеп алыңыз. Бұл брошюра осы мүмкіндіктерге қалай өтінім беруге болатындығы және қосымша ақпаратты қайдан алуға болатындығы туралы базалық ақпарат береді.

Ынтымақтастық пен ұтқырлықтың жаңа жобалары жыл сайын Эразмус+ өтінімдері конкурсы шеңберінде іріктеледі. Қаржыландыру туралы толық ақпаратты және бағдарлама қолдайтын мүмкіндіктерінің толық тізімін Эразмус+ бағдарламасының нұсқаулығынан табуға болады.

Сіз Эразмус+ бағдарламасының басқа компоненттері туралы ақпаратты мына жерден http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/opportunities_en таба аласыз.

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,

9-шы блок, 225-226 кеңсе,.

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645

E-mail: neo@erasmusplus.kz 

nc@erasmusplus.kz

Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.

.

Copyright © 2019 National Erasmus+ office in Kazakhstan. All Rights Reserved. Designed By © Belight LLP