ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ (ЖБӘА) ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАЛАР

Эразмус+ (2015-2020) бағдарламасының әрекет еткен 6 жыл ішінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының қатысуымен ЖБӘА-ның 61 жобасы қаржыландырылды. 52 жоба бойынша гранттың жалпы сомасы  миллион еуроны құрады

ҚР-да жүзеге асырылып жатқан жобаларға еліміздің 16 аймағынан 54 жоғары оқу орны тартылған. Қазақстанның үш жоғары оқу орны ЖБӘА жобаларын үйлестірушілер мен грант алушылары болып табылады: Қарағанды медицина университеті (2 жоба), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1 жоба), С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (1 жоба). 

Жыл сайын Эразмус+ бағдарламасы аясында өтінімдер конкурсы өткізіледі, оның нәтижелері бойынша неғұрлым өзекті және перспективалы жобалар іріктеледі. Өлшемдердің бірі - Еуропалық Комиссия үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын және тұжырымдалатын ұлттық басымдықтарға сәйкестік. Мұндай тәсіл жобалардың елдегі жоғары білім беру жүйесін дамытудың қажеттіліктері мен үрдістеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖБӘА ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТIЗIМI

2015 ж.

CACTLE

Оқыту, үйрету және кәсіпкерлік Орталық Азия орталығын құру (https://management.cactle.eu)

ACADEMICA

Оқу бағдарламаларын жаңғырту және әзірлеу арқылы Орталық Азиядағы жоғары білімге қолжетімді ету және үйлестіру

ECCUM

Математикалық инжиниринг бойынша есептеу орталықтарын құру және магистрлік бағдарламаны әзірлеу (http://eccum.famnit.upr.si/en/)

TAME

Медициналық қателіктерді болдырмауды оқыту (http://www.tame-project.org/)

ECAP

Қоршаған ортаны қорғауға және жер ресурстарын басқаруға бағытталған Орталық Азия университеттерінің ауыл шаруашылығы саясатындағы құзыретін арттыру (http://ecap.uniag.sk/)

COMPLETE

Құзыреттілікті дамыту және жұмысқа орналастыру орталықтарын құру (http://www.cced-complete.com/)

DOCMEN

Микроэлектрондық инженерия бойынша екі деңгейлі инновациялық бағдарлама әзірлеу (http://www.docmen-project.pl/)

IQAT

Болон процесінің қағидаттарын пайдалана отырып, сапа мен типологияны қамтамасыз етудің институционалдық жүйелерін іске асырудағы әлеуетті арттыру (https://www.project-iqat.eu/)

TREASURE-WATER 

Су ресурстарын тұрақты пайдалану үшін Транс-өңірлік экологиялық хабардар болу (http://treasure-water.eu/)

IUCLAND 

Еуропа-азиялық елдеріндегі жерді қорғау саласындағы университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастық (http://www.iucland.eu/)

ModeHED

Университеттерде медициналық білім беруді жаңғырту (http://modehed.uz/web/)

SARUD

Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту (https://sarud.uni-hohenheim.de/startseite)

LogON-U

«Жасыл логистикалық менеджмент» магистрлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру: АКТ саласындағы тұрақты логистикалық менеджмент және құзыреттілік арқылы Транс-Еуразиялық қол жетімділікті ілгерілету (http://green-lg.com/)

2016 ж.

APPLE

Ғарыш кеңістігін және зияткерлік роботтандырылған жүйелерді игеру жөніндегі қолданбалы оқу бағдарламасы (http://apple.erasmus.plus/)

TUTORIAL

Азиядағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы білімді, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды нығайту (http://tutorial.ut.ee/)

WELCOME

Жаңа халықаралық университеттік қауымдастықтарға ашылу (http://www.welcomeproject.net/)

LMPI

Кәсіпорындарда компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, әкімшілік ету, басқару және қорғау бойынша бакалавриат және кәсіби магистратура бағдарламасы (https://www.lmpi-erasmus.net)

InnoCENS 

Инженерлік білім беру саласында инновациялық құзыреттіліктерді және кәсіпкерлік дағдыларды арттыру (https://gidec.abe.kth.se/InnoCENS/)

SUSDEV

Тұрақты даму бойынша өмір бойы оқу (http://www.susdev.confer.uj.edu.pl)

ENINEDU

Жаңа әлеуметтік орта шарттарына сәйкес жоғары білім мен корпоративтік сектордың бірігуін күшейту (http://eninedu-erasmusplus.kaznu.kz/)

PAWER

Өңіраралық ұтқырлық және сәйкестік, сапа мен теңдікке қол жеткізуді қамтамасыз етуіне жол салу (http://pawer.univaq.it)

DIREKT

Үздіксіз оқыту және білім экономикасы үшін трансөңірлік ақпараттық сауаттылықты дамыту (https://direkt-cbhe.com/)

C3QA

Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-деңгейдің сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеулерді халықаралықтандыруды ілгерілету (https://c3-qa.com/)

2017 ж.

EduEnvi 

Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқару құзыреттілігін арттыру (http://eduenvi.blogs.tamk.fi/)

ProlnCa

Медициналық қызметке өту кезінде мейірбике ісі саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетіне жәрдемдесу (http://proinca-nursing.kz)

CLASS

Орталық Азия университеттерінде есептеу лингвистикасы бойынша пәнаралық магистрлік бағдарлама әзірлеу (http://erasmus-class.eu/)

AsiAxis

Таза орта үшін жылу энергетикалық жүйелері бойынша PhD дағдыларын дамытуда параллельді жақсартуларымен қатар университеттік оқытуды жетілдіру (http://www.asiaxis.eu/)

ProdLog - 

Ресурстық тиімді өндірістік логистика бойынша Болон қағидаттарына негізделген магистрлік бағдарламаны әзірлеу (http://www.erasmus-prodlog.com/)

EDUQAS

Университет-Бизнес-Мемлекет ынтымақтастығы арқылы ЖОО-да білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін енгізу (http://web.elth.ucv.ro/eduqas/)

TRUNAK

Қазақстандағы университеттік автономияға көшу (http://trunak.eu/)

2018 ж.

NICoPA 

Нақты егіншілік бойынша жаңа және инновациялық курстар

(https://nicopa.eu/index.php)

HiEdTec 

Орталық Азиядағы жоғары білімді жаңа технологиялар арқылы жаңғырту

(http://hiedtec.ecs.uni-ruse.bg)

SMRCITY

SMARTCITY: «Ақылды қала» технологиялары бойынша магистрлік бағдарламаға инновациялық көзқарас (http://smrcity-erasmus.sstu.ru)

STEM 

STEM-бағыттағы мұғалімдерді дайындаудың біріктірілген тәсілі

KUTEL

Қазақстан университеттері жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқыту сапасын қамтамасыз ету процестерін жетілдіруде

(http://www.kutel-project.eu/)

ChildCA

Орталық Азиядағы жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беруді жаңғырту үшін үлгі ретінде балаларды күту саласындағы оқытуды жетілдіру

ENTER

Инженерлік іс оқытушыларын педагогикалық даярлау

(http://erasmus-enter.org/)

DECIDE

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсетуді дамыту

TALENT

Орталық Азияда персоналды басқару және кадрлық әлеуетті дамыту бойынша магистрлік бағдарламалар әзірлеу

EEIHSR

Жылдам теміржолдардың экономикасы, экологиясы және инфрақұрылымы

2019 ж.

SPRING

Медициналық білім берудегі сараптамалық бағалау құралдары мен мақсаттарын анықтау

IMPROvE

Ағылшын тілінде оқыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды интернационалдандыру

DIARKAZ

Қазақстанда өнеркәсіпті автоматтандыру және робототехника үшін дуалды білім беру (http://diarkaz.kineuprojects.kz)

UXiship

Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларында пәнаралық модульдік курстардың көмегімен стартаптарды дамыту бойынша АКТ-мамандықтары студенттерінің құзыреттілігін жандандыру

DeSTT

Көшбасшылық үшін мұғалімдер дағдылары мен дайындығын дамыту

ALLVET

ТжКБ оқытушыларының әлеуетін арттыру арқылы Болон процесі қағидаттарын іске асыруға сәйкес ЖБ және ТжКБ альянсын құру

ACeSYRI

Информатика саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған алдыңғы қатарлы орталық

ELBA

Орталық Азияда үлкен деректерді зияткерлік талдау бойынша оқу және зерттеу орталықтарын құру және курстар әзірлеу (https://elba.famnit.upr.si/en)

MIETIC

Өтпелі экономикасы бар елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін басқару жөніндегі магистрлік бағдарламаны әзірлеу

SAGRIS

Орнықты ауыл шаруашылығы және болашақтың ауыл шаруашылығы қызметі жүйелері бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі зерттеулерді жетілдіру

2020 ж.

TRIGGER

Орталық Азия түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін жақсарту үшін қолайлы жағдай жасау негізінде инновациялық тәсілдемелерге, кәсіпкерлік дағдылар мен нұсқауларға бастамашылық ету және енгізу

PICASP

Каспий аймағын дамыту мақсатында университеттер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты енгізу бойынша тәжірибелік Эксперименттік кәсіпорындардағы пилоттық курстар

AccelEd

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде Магистратура және Докторантура деңгейінде мейіргерлік білім беруді дамыту акселерациясы

UnWaste

"Қалдықтарды басқару" Магистрлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу негізінде серіктес елдерде айналмалы экономиканы (тұйық циклді экономиканы) дамыту

HARMONE

Еңбек гигиенасы және қоршаған орта саласындағы Магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану

KAZDUAL

Қазақстанда Дуалды Жүйені енгізу

LMQS

Ресейде, Қазақстанда, Әзірбайжанда және Лаоста қашықтықтан ашық білім беру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы тәуекелдер мен қызметтер сапасын стратегиялық басқару үшін Бакалавриат пен Магистратураны кәсібилендіру

BACE

Шығыс Еуропа - Орталық Азия өңірінде Жаһандық денсаулық саласындағы Академиялық әлеуетті дамыту

REILEAP

Өзбекстан мен Қазақстанда былғары өндірісі және былғарыдан жасалған бұйымдар саласында мамандар даярлауда жоғары оқу орындарының әлеуетін нығайту

GEOCLIC

Жағалаудағы экожүйелерді климаттың өзгеруіне бейімдеуге арналған Геокеңістіктік Инженерия жаңа курстары

FOR21

21 ғасыр дәрігерінің дамуына ықпал ету: емделуші-орталықтанған қарым-қатынас дағдыларын үйрету

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,

9-шы блок, 225-226 кеңсе,.

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645

E-mail: neo@erasmusplus.kz 

nc@erasmusplus.kz

Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.

.

Copyright © 2019 National Erasmus+ office in Kazakhstan. All Rights Reserved. Designed By © Belight LLP