Жоғары білімнің әлеуетін арттыру (ЖБӘА) жобасын іске асыру кезеңдері

Сіз жобаңызды қаржыландыру туралы хабарлама алдыңыз ба? Енді оны жүзеге асыруға кірісу керек.

Жалпы, Эразмус+ бағдарламасының ЖБӘА жобасын іске асыру кезеңдерінің дәйектілігін сызбалық түрде мынадай түрде ұсынуға болады:

1. Жобаны қаржыландыруға грант бөлінгені туралы хабарлама алу

Жобаны қаржыландыруға грант бөлінгені туралы хабарламаны сіз, әдетте, жобаларды конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша ЕАСЕА-ның ресми шешімін алғаннан кейін жоба үйлестірушісінен аласыз.

2. Келісім жасасу

Жобаны іске асыру Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігі (Агенттік) мен грант қаражатын тиімді пайдалану үшін заңды жауапкершілікте болатын өтініш беруші университет (грантхолдер) арасындағы Грант туралы келісімге (Grant Agreement) сәйкес жүзеге асырылады. Келісімде тараптардың жобаның орындалуы үшін құқықтары мен жауапкершілігі ескертіледі.

Келесі міндетті (және маңызды) ереже - жобаны іске асырудың ең басында өтінім беруші университет пен консорциумға мүше-серіктестердің арасындағы Серіктестік туралы келісімге (Partnership Agreement) қол қою. Келісімде жобаға қатысушы ЖОО-ның тиісті құрылымдары (әкімшілік, қаржылық, академиялық, ғылыми және т. б.) оны іске асырудың түрлі аспектілері (техникалық, әкімшілік және қаржылық) туралы уағдаласты деп көрсетіледі.; Келісімде көзделген құралдарды пайдалана отырып, қатысушы-ЖОО арасындағы мүмкін болатын келіспеушіліктер немесе түсініспеушілік қалай шешілетіндігі/ ескертілетіндігі туралы басқа да маңызды мәселелер туралы.

Атап айтқанда, Келісімге енеді:

  • Әр серіктестің құқықтары мен міндеттері
  • Серіктестер арасындағы ынтымақтастықтың мақсаты мен міндеттері. Келісім әдетте «Үйлестіруші университет не істейді», «Серіктес университет не істейді» сияқты мәселелер бойынша жеке параграфтарды қарастырады. Әрбір серіктестің рөлі мен күтілетін нәтижелері/үлесі нақты анықталуы тиіс.
    Басқару органдары (рөлі, құрамы, функциялары және т. б.). Бұл бөлім егжей-тегжейлі сипатталуы тиіс. Серіктестік функциялары, әрбір серіктестің немесе жобаны басқарудағы нақты құрылымның жауапкершілігі (Үйлестіруші орган, хатшылық, коммуникация арналары мен әдістері және т. б.).
  • Серіктестік туралы Келісімді басқаруға қатысты практикалық ақпарат. Атап айтқанда, Келісімнің ұзақтығын/қайта қарауды/өзгерістер енгізуді/тоқтатуды, дауларды шешуді, заң нормаларын қолдануды айқындайтын мерзімдер мен рәсімдер. Қажет болған жағдайда қаржылық есептілікті жүргізу және ұсыну бойынша толық ақпаратты, қаржылық мәселелер мен ережелер бойынша шығындар мен шешімдерді қайта қарау және бекіту үшін жауапкершілікті, әсіресе бұл ерекше маңызы бар және олар бойынша бәтуаластық жоқ жағдайларда енгізуге болады.
  • Серіктестердің өзара іс-қимылы және қарым-қатынасы туралы ақпарат, мысалы, кездесулер уақыты, меншік құқығын қорғау, өзге де ақпарат.

ЕАСЕА мен өтініш беруші университет арасындағы грант туралы келісімде жоба бойынша іс-шараларды нашар (сапасыз), ішінара немесе кеш іске асырғаны үшін айыппұл санкциялары көзделгеніне назар аударыңыз. Бұл ереже жобаны іске асыру мен грантты пайдалану үшін бірлескен жауапты серіктес елдердің жоғары оқу орындарына да қолданылады.

Жоба бойынша жылдық іс-шаралар жоспары, сондай-ақ ағымдағы есептер жобаның жергілікті үйлестірушісі мен байланысатын тұлғалардың тікелей қатысуымен талқыланады. Барлық есептілік құжаттары консорциумның әрбір мүшесіне беріледі.

Серіктестік туралы Келісімге қол қою арқылы өзіне алған міндеттемелерге сәйкес, университет басшылығы ЖБӘА жобасын жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетеді. Бұл, әдетте, жоба шеңберінде сатып алынатын жабдықты орнату үшін бөлмелер беру, жоба командасының мүшелері үшін жағдай жасау, жобалық қызметке қатысатын жоғары оқу орындарының қызметкерлерін ынталандыру. Әзірленген оқу курстары мен бағдарламаларын оқу процесіне енгізу, жобалық қаржыландыру аяқталғаннан кейін құрылған оқу зертханалары мен орталықтарының жұмыс істеуі, ЖОО мен т. б. интернационализациялау процесін дамыту жоспарында жоба нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде ЖОО басшылығының қолдау көрсетуі өте маңызды.
Жобаны тиімді іске асыру үшін әрбір қатысушы барлық жобалық құжаттамамен, сондай-ақ Грантты пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен, Серіктестік туралы келісіммен егжей-тегжейлі танысуы тиіс.

3. Жоба бойынша дайындық жұмыстарын ұйымдастыру

Іске асырудың бастапқы сатысында жобаны басқару органын құру орынды, оған әдетте Жобаның үйлестірушісі (яғни өтініш беруші-университеттің уәкілетті өкілі) және серіктес-елдердің жоғары оқу орындары деңгейіндегі үйлестірушілер кіреді. Консорциумның қалауы бойынша басқа қатысушыларды: байланысатын тұлғаларды, жеке сарапшыларды, сондай-ақ жобаның нәтижелеріне мүдделі министрліктердің, агенттіктер мен ұйымдардың өкілдерін қосуға болады.
Жобаны іске асыруы екі сәтке бөлінеді:

  • «Рұқсат етілген кезең» (eligibility period) деп аталатын есеп беру өтініш беруші университет пен ЕАСЕА арасындағы Грант туралы келісімге қол қойылған сәттен басталады.
  • Жобалық консорциумның барлық қатысушыларының бастапқы кездесуі (kick-off meeting). Жобаларды іске асырудың белсенді кезеңі әдетте барлық қатысушы ЖОО өкілдерінің және академиялық емес серіктестердің қатысуымен бастапқы кездесуден басталады. Құрылымдық жобалар жағдайында ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілінің қатысуы міндетті. Кездесуде жобаның мақсаттары мен күтілетін нәтижелері егжей-тегжейлі талқыланып, консорциумның әрбір мүшесінің рөлі, құқықтары мен міндеттері, жобаны басқару құрылымы, шешім қабылдау рәсімі, оқу тағылымдамасына қатысушыларды іріктеу рәсімі (мобилділік) нақтыланады. Кеңес барысында визаларды ресімдеумен, жоба шеңберінде сатып алынатын жабдықтарды сатып алумен/ жеткізумен және кедендік ресімдеумен байланысты мәселелер, басқа да аспектілер жан-жақты талқыланады. 

Жоба бойынша іс-шараларда (әсіресе, бастапқы және қорытынды) жобаның барлық қатысушылары мен мүдделі жақтарын, соның ішінде жобаның серіктестерін, басқа да қатысушы жоғары оқу орындарының өкілдерін, Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің қатысуын қамтамасыз ету маңызды. Құрылымдық жобаларға ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуы міндетті.

Іс – шараның ақпараттық қамтамасыз етілуіне тиісті назар аудару керек - Жобаның үйлестірушісімен, ЖОО басшылығымен және (мүмкіндігінше) Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесімен келісілген кездесудің күн тәртібін, кездесуге қатысушылардың тізімін, баспасөз-релизін дайындау керек. Оқиғаны кеңінен жариялау үшін БАҚ және ТВ өкілдерінің қатысуы қажет.

Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі жыл сайын жаңа және ағымдағы жобалардың үйлестірушілері мен байланыстағы тұлғалары үшін кеңес беру кездесулерін өткізеді. Бұл Сізді қызықтырған сұрақтарды қоюға, мәселелерді талқылауға, әріптестердің қатысуымен іске асырылатын жобалардың табысты тәжірибесімен танысуға жақсы мүмкіндік. Сіз сондай-ақ, ЖБӘА Эразмус+ жаңа жобаларының командалары үшін Вебинардың бейнежазбасын көре аласыз.

4. Жұмыс жоспарына, жұмыс пакеттеріне және логикалық-құрылымдық матрицасына сәйкес жобаны іске асыру

Жобаның негізгі мәні, әдетте, мазмұнды және логикалық түрде жұмыс пакеттері (Work Packages) және логикалық-құрылымдық матрицалар (Logical Framework Matrix - LFM) арқылы құрылады. Жоба командалары аталған құжаттарды мұқият зерделеп, ЖОО-ның тиісті құрылымдық бөлімшелерімен, негізгі стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасаудың дұрыс желісін құруы, өз қызметін консорциум бойынша серіктестермен үйлестіруі қажет.

Негізгі акцент жоба командасының мүшелерінің арасында міндеттерді теңгерімді бөлуге, нақты жұмыс пакеті бойынша мақсаттар мен міндеттерді дұрыс және барабар түсінуге қатысты тиісті түсіндіру жұмысын/олармен консультациялар жүргізуге баса назар аудару қажет. Нақты жұмыс пакеті бойынша қойылған міндеттерді жоба командасы мүшелерінің біліктілігі және әлеуетімен салыстыру, сондай-ақ жоба қызметінің қаржылық, әкімшілік, ресурстық қамтамасыз етілуін есептеу өте маңызды.

5.Жобаның мониторингі

РТұрақты мониторинг – ЖБӘА барлық жобалары үшін міндетті ереже. Оны Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің өкілдері барлық ЖБӘК жобалары үшін белгіленген ережелер шеңберінде және ЕАСЕА бекіткен жоспар бойынша өткізеді. Мониторинг түрлері, формат және міндеттер туралы толық ақпарат осы жерде келтірілген: здесь.

6.Жоба бойынша есеп беру: аралық және қорытынды

Грант туралы келісімнің талаптарымен және ішкі рәсімдермен айқындалады. Оларға сәйкес ұсынылатын құжаттардың кезеңділігі мен нысаны, коммуникация арналары, басқа да мәселелер белгіленеді.

7.Жоба бойынша аудит

Екі нысанда жүргізілуі мүмкін - ішкі және сыртқы (сарапшыларды тарта отырып). Міндетті талап болып табылатын сыртқы аудиттің нәтижелері ЕАСЕА-да қорытынды есеппен бірге ұсынылады.

8.Жоба бойынша ЕАСЕА есебін бекіту

ЖБӘА Эразмус+ жобасы бойынша барлық жұмыстың қисынды аяқталуы болып табылады, ол консорциум жасаған жұмыстың қабылданғанын және бекітілгенін білдіреді.

Сіз басқа пайдалы ақпаратты және сіздің жобаңызды іске асыру бойынша кеңестерді таба алатын ЖБӘК ЖБӘА жобаларының үйлестірушілеріне арналған жаднаманы жүктеп алыңыз.

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,

9-шы блок, 225-226 кеңсе,.

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645

E-mail: neo@erasmusplus.kz 

nc@erasmusplus.kz

Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.

.

Copyright © 2019 National Erasmus+ office in Kazakhstan. All Rights Reserved. Designed By © Belight LLP