ЖОБАНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Әрбір жобаны іске асыруда оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару керек, яғни жобаның нәтижелері оны ЕО қаржыландыруы аяқталғаннан кейін пайдаланылуы тиіс. Жоба командасына болашақта әлеуетті қаржыландыру көздерін алдын ала ойлағандары және анықтағандары жөн.

Жобаның тұрақтылығын бірнеше көзқараспен қарауға болады, соның ішінде:

  • Қаржылық аспект;
  • Ұйымдастыру аспекті;
  • Қызметтің үздіксіздігі;
  • Мультипликативтілік


Қаржылық тұрғыдан тұрақтылық жоба аяқталғаннан кейін одан әрі қаржыландыру мүмкіндігімен анықталады. Мұнда жоба командасы әртүрлі қолайлы қаржыландыру көздерін таба алады. Бұл жоба нәтижесі ретінде ұсынылатын қызметтерге/өнімдерге мұқтаж бизнес-секторлармен жасалған шарт немесе жергілікті басқару органдарының бюджет қаражатын бөлу туралы кепілдігі немесе ЖОО-ның өзінің қаржылық қаражаты болуы мүмкін. Қаржыландыру көздерін біріктіру де мүмкін, мысалы, біліктілікті арттыру жөніндегі орталық жергілікті басқару органдарымен де, білікті кадрларға/қызметтерге мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілермен де шарт жасай алады. Сондай-ақ, ықтимал көз ретінде оқыту немесе қайта мамандандыру бойынша өз бетінше өткізілетін курстарды, өндірілетін ілеспе өнімді (әдістемелік әзірлемелер, кейстер мен т.б. жинақтар) және басқа да қызметтерді қарастыруға болады.

Ұйымдастырушылық аспект адами және зияткерлік инфрақұрылым мен ресурстарды сақтауды көздейді. Мысал ретінде жоба кезінде әзірленген әдістемені, бекітілген білім беру бағдарламаларын немесе қандай да бір өнімге қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін зияткерлік әзірлемелерге лицензия/авторлық құқықтарды келтіруге болады. Бұл тізбеге жоба кезінде шығарылған жеке/материалдық өнімдерді, кітапша, басқа да материалдарды жатқызуға болады, оларды пайдалану жоғары оқу орнының/жобаның бағыты бойынша құрылымдық бөлімшенің қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Қызметтің үздіксіздігі жобаны іске асыру мерзімі аяқталғаннан кейін қаржыландыру аяқталғаннан кейін жобаның өміршеңдігі және жоба шеңберінде көзделген міндеттер мен функцияларды іске асыру әлеуеті ретінде қарастырылады.

Жобаның мультипликативтілігі басқару әсерлері қосу емес, көбейту қасиетіне ие екендігін білдіреді. Мультипликативтілікті ұтымды басқару іс-әрекеттері (жаңа технологияларды, ноу-хау, мотивация жүйесін жетілдіру, басшылық стилді енгізу, жаңа ұйымдық құрылымдарды құру және т.б.) есебінен жүйенің тиімділігін көбейту ретінде түсіну керек. Ол сондай-ақ жобаның мақсатты тұтынушылары мен басқа да стейкхолдерлердің кеңейтілген тобының қызметіне әсер етуі мүмкін.

Жоба командасында жобаның тұрақтылығы жобаны іске асыруға тартылған адами ресурстары арқылы қамтамасыз етілетіндігін білу маңызды. Атап айтқанда, жобаның үздіксіздігі мен тұрақтылығы жоба шеңберінде белгілі бір курстардан/тренингтерден өткен және жоба аяқталғаннан кейін жоба нәтижелерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті біліктілік алған қызметкерлерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, адами ресурстары жобаның қосымша құндылығының (added value) сабақтастығын және одан әрі жинақталуын қамтамасыз етеді деп айтуға болады. Сондықтан жоба командасы басынан бастап жоба бойынша жұмысқа тартылған адами ресурстарына ұқыпты қарым-қатынасты көрсетуі тиіс.

Жобаның командасына spin-offs деп аталатын жанама әсерлерге/нәтижелерге ерекше көңіл бөлу қажет. Олар, әдетте, жобалық өтінімнің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне қойылмаған, алайда, жобаның іске асырылуына қарай жобаның нәтижелеріне мүдделі тұтынушылардың қосымша топтары анықталуы мүмкін. Бұл жанама әсерлер ұзақ мерзімді жоспардағы жобаның тұрақтылық көздерінің бірі ретінде де қарастырылуы мүмкін.

Жобаның командасына жобаның үздіксіздігі мен тұрақтылығы әлеуетті мақсатты тұтынушылардың қаншалықты тиімді болуына, стейкхолдерлердің кең ауқымына жобаны іске асыру кезінде әзірленген қолда бар ақпараттық ресурстарды пайдалануға байланысты екенін түсіну маңызды. Сондықтан жобаның веб-сайтымен, ресурстық/оқу орталықтарымен және жобаның нәтижелері туралы ақпаратты таратудың басқа да арналарымен жұмыстың үнемі жүргізілуі және олар арқылы тұтынушылардың нысаналы тобы үшін өзекті ақпарат ауқымын қолдау қажет

Жобаның командасына оны іске асырудың бастапқы кезеңінде жобаның тұрақтылық стратегиясын әзірлеу және осы бағытта жоспарлы түрде қозғалу ұсынылады. Мұндай стратегияны қалай әзірлеуге болатындығын Кэтлин Риггстің (Kathleen Riggs) «Грант бағдарламаларының тұрақты даму стратегиясы» (Strategies for Sustainability of Grant-funded Programs) материалынан оқуға болады.

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,

9-шы блок, 225-226 кеңсе,.

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645

E-mail: neo@erasmusplus.kz 

nc@erasmusplus.kz

Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.

.

Copyright © 2019 National Erasmus+ office in Kazakhstan. All Rights Reserved. Designed By © Belight LLP