ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МОНИТОРИНГ

Институционалдық мониторинг Темпус / Эразмус+ ЖБӘА жобаларының маңызды санына қатысатын ЖОО-да ЖОО-ны интернационалдандыру стратегиясын әзірлеу және ЖОО-ны басқару саласында тәжірибесі бар, сондай-ақ мемлекеттің/өңірдің жоғары білім беру саласында ерекше білімі бар тәуелсіз сарапшының қатысуымен жүргізіледі.

МАҚСАТЫ

  • ЖОО қатысқан/қатысатын Темпус / Эразмус+ ЖБӘА жобаларына әсерін, жалпы мекемеге, оның қызметкерлері мен студенттеріне, егер қолданылатын болса басқа мүдделі тараптарға (мысалы, жергілікті/өңірлік/ұлттық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары, жеке сектор кәсіпорындары, БКБ және т.б.) әсерін бағалау
  • Аяқталған жобалардың жеке әсерін және олардың нақты нәтижелерін тарату және тұрақтылық көзқарасынан бағалау (яғни аяқталған жобалардың нәтижелері әлі де болса қай мекемелерде және олардан тыс пайдалану дәрежесі)
  • Жобалардың алдыңғы буындары жинақтаған тәжірибені қалай назарға алатындарын, сондай-ақ іске асыру, әрекет ету және тұрақтылық келешегі тұрғысынан ағымдағы жобаларды бағалау.
  • ЖОО-ның операциялық әлеуетін және Темпус / Эразмус+ ЖБӘА жобаларын басқару тиімділігін меңгеру
  • ЖОО және/немесе жеке жобалар деңгейінде озық тәжірибелерді анықтау

Мониторинг форматы материалдық активтермен/жобалардың нәтижелерімен танысудан тұрады – мысалы, жабдық, жарияланымдар және құрылған құрылымдық бөлімшелер және т.б. Сонымен қатар, ЖОО-ның интернациоландыру қызметіне қатысатын бөлімшелер арасындағы көлденең байланыстың тиімділігіне назар аударылады (сапаны қамтамасыз ету құрылымдары, халықаралық байланыстар кеңсесі, студенттік қызметтер, қаржы бөлімдері және т.б.)

Институционалдық мониторингте қатысу үшін ЖОО тарапынан ЖОО басқармасының барлық деңгейіндегі өкілдер тартылады (ректор, әкімшілік, академиялық және қаржылық департаменттері, халықаралық байланыстар кеңсесі, оқытушылар, қызметкерлер, студенттер және т.б.). Олармен қатар кездесулерде басқа да стейкхолдерлер – жобалардың нәтижелеріне мүдделі әр түрлі мақсатты топтар мен тараптардың өкілдері қатысуы мүмкін.

Әдетте, Институционалдық мониторинг келесі кездесулерден тұрады:

  1. ЖОО басшылығымен, әкімшілікпен, жобалардың үйлестірушілерімен, жобаны жүзеге асыруға қатысқан қызметкерлермен ЖОО-да жалпы менеджмент қалай жүзеге асырылғанын, құрылымдардың қаншалықты орталықтандырылғанын / орталықтандырылмағанын, міндеттер мен жауапкершілік қалай бөлінгенін, сапа қалай қамтамасыз етілетінін және т.б. анықтау үшін жалпы таныстық кездесу.
  2. Арнайы кездесулер қаржы департаменті және қаржы бөлімі тарапынан олардың рөлін және процедарулар қаншалықты үйлестірілгенін, жобалар арасында өзара байланыс бар не жоғын және т.б. жобаларды жүзеге асырумен танысу үшін жүргізіледі.
  3. Екітарапты кездесулер жобаларды жүзеге асыру бойынша істердің жағдайын талқылау үшін әр жобаның командасымен талқыланады. ЖОО тарапынан қолдау және жоба нәтижелерін тарату, нақты пайдалану және тұрақтылығы үшін қабылданған шаралардың деңгейі анықталуда.
  4. Жоба нәтижелері пайдалы болған студенттермен және мүдделі тараптармен кездесу.

Мониторинг нәтижелері туралы есеп Білім беру бойынша Білім, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігіне (EACEA) жіберіледі.

ЖОО ҮШІН МОНИТОРИНГТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ (АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ)

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,

9-шы блок, 225-226 кеңсе,.

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645

E-mail: neo@erasmusplus.kz 

nc@erasmusplus.kz

Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.

.

Copyright © 2019 National Erasmus+ office in Kazakhstan. All Rights Reserved. Designed By © Belight LLP