ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КРЕДИТТІК ҰТҚЫРЛЫҚ: СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

ХКҰ дегеніміз не?
Нәтижесінде академиялық кредиттер қайта есептелетін Еуропадағы қысқа мерзімді оқыту немесе тағылымдама.

Ұзақтығы
3 айдан 12 айға дейін.

Қаржылық қолдау
Қабылдаушы елге байланысты Еуропаға баратын студенттер үшін ай сайынғы стипендия 800-900 евро, сондай-ақ жіберуші және қабылдаушы ЖОО арасындағы қашықтықты ескере отырып, жол шығындарының құнын өтеу.

Шарттары
Ұтқырлыққа бакалавриат студенттері, магистранттар мен докторанттар қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін Сіз Эразмус+ шеңберіндегі ынтымақтастық туралы Бағдарлама Елінің ЖОО-мен екі жақты келісімі бар ҚР ЖОО-да оқуыңыз керек. Шетелдік ЖОО-да оқу кезеңі жіберуші ЖОО-дағы мамандықтар мен білім беру бағдарламасына сәйкес келуі тиіс. Сіз серіктес жоғары оқу орындары әзірлеген өлшемдер бойынша конкурстық іріктеуден өтуіңіз керек.

Академиялық тану
Мобилділік кезеңі басталғанға дейін сіз меңгеруге тиісті және кейіннен ұтқырлық аяқталғаннан кейін жіберуші ЖОО-да қайта оқылатын пәндерді / оқу іс-әрекетінің түрлерін көрсете отырып жіберуші, қабылдаушы ЖОО мен Сіздің араңызда оқу туралы үш жақты келісім жасалады.

Қалай қатысуға болады?
Өзіңіз оқитын жоғары оқу орнының халықаралық бөліміне хабарласыңыз.


БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,

9-шы блок, 225-226 кеңсе,.

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645

E-mail: neo@erasmusplus.kz 

nc@erasmusplus.kz

Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.

.

Copyright © 2019 National Erasmus+ office in Kazakhstan. All Rights Reserved. Designed By © Belight LLP