ЖАН МОНЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жан Моне бағдарламасының қызметі Еуропалық Одақтың проблемалары саласындағы зерттеулерді дамытуға және қолдауға бағытталған. Бағдарлама әртүрлі пәндер шегінде жоғары білім беру деңгейінде еуропалық интеграциялау үдерістерін оқыту және зерттеудің, сондай-ақ мақсатты топтардың кең көлемі үшін озық тәжірибесін таратуға мүмкіндік береді. Олар сол сияқты жаһандық әлемде ЕО рөліне және еуропалық елдерде азаматтық ұстанымды белсенді жылжыту және халықтар мен мәдениет арасындағы диалогта ЕО рөліне қатысты.

МІНДЕТТЕР

Жан Моне бағдарламасы:

  • Академиялық мамандар, студенттер және дүние жүзіндегі азаматтар арасында еуропалық интеграциялау мәселелері бойынша білім беру және зерттеулерді жылжытуға мүмкіндік береді;
  • Еуропалық интеграциялау саласында зерттеулермен айналысатын бірлестіктердің қызметін қолдайды;
  • академиялық қауымдастық пен саяси басшылық арасындағы ЕО саясатының артықшылықтары туралы саяси пікірталастар мен диалогқа жағдай жасайды;
  • студенттер мен жас мамандарды олардың ғылыми жұмыстары мен мансаптары үшін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін өзекті ЕО проблемасы саласындағы біліммен қаруландырады;
  • педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде инновацияларға әрекет етеді (мыс., салааралық және (немесе) көп салалық зерттеулер, ашық білім, басқа жоғарғы оқу орындарымен және т.б. желілік өзара әрекеттесу).

Келесі аспектілерге ерекше назар аударылады:

  • Еуропалық өлшемдерді білім беру бағдарламаларына, тіпті бұл әдетте тән емес пәндерге енгізу
  • Осы жұмысқа жас ғалымдардың жаңа буынының қатысуына әрекет ету.

ҚҰРЫЛЫМ

Жан Моне бағдарламасы негізгі үш компоненттерден тұрады:

1. Оқыту және зерттеу

  • Жан Моне модульдері: Еуропалық зерттеулер саласындағы қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары бір оқу жылына кемінде 40 академиялық сағат. Модульдер еуропалық зерттеулер немесе пәнаралық зерттеулер саласында нақты бір пәнге арналуы мүмкін. Грнаттың үлкен көлемі – үш жылға 30 000 еуро.
  • Жан Моне кафедралары: көлемі бір оқу жылында кемінде 90 сағаттан құрылатын университеттің профессоры немесе аға оқытушысы беретін оқыту бағдарламалары. Гранттың ең үлкен көлемі – үш жылға 50 000 еуро.
  • Жан Моне Озық тәжірибесінің орталықтары: бір немесе бірнеше оқытушылар/профессорлар құзіреттілікті, білім және ЕО тақырыбы бойынша – көбінесе Жан Моне бар кафедралардың басшылығымен бір немесе бірнеше жоғары оқу орындарында үйлестіру орталығын ашатын қызмет.
    Гранттың ең үлкен көлемі – үш жылға 100 000 еуро.

2. Саясат саласындағы пікірталастар және диалог

  • Жан Моне желілері: Ынтымақтастықты дамыту, ақпарат жинау, тәжірибе алмасу, білім қалыптастыру және грантқа өтінім білдіруші-ЖОО дүниежүзі бойынша мүдделі тараптармен – кемінде үш мемлекеттің үш әріптесімен бірлесіп желі құру арқылы жоғары деңгейдегі зерттеулердің нәтижелерін тарату бойынша қызмет. Гранттың ең үлкен көлемі – үш жылға 300 000 еуро.
  • Жан Моне жобалары: әртүрлі аспектілерді және білім беру әдістерін тәжірибелік игеру, әр түрлі мақсатты топтарға, соның ішінде бастауыш және орта мектептердің білім алушыларына арналған пікірталастарды ұйымдастыру бойынша қызмет. Бұндай қызмет конференциялар, тренингтер, оқыту бағдарламаларын әзірлеу, қашықтықтан оқыту және т.б. болуы мүмкін. Гранттың ең үлкен көлемі: 60 000 еуро 12 айдан бастап 24 айға дейін.

3. Қауымдастықтарды қолдау

Еуропалық интеграциялау процесстерін, өңірлік, ұлттық ғылыми және осы саладағы материалдық ресурстарды меңгеруге әсер ету мақсатында ЕО проблемасының зерттеулерінде мамандандырылатын профессорлар және зерттеушілер қауымдастығын қолдау. Қызмет жыл сайынғы кездесулерден, ақпараттық бюллетендерден, іс-шаралар, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстан және т.б. тұруы мүмкін. Грнаттың ең үлкен көлемі – үш жылға 50 000 еуро.

ӨТІНІМДІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Жан Моне бағдарламасына қатысу үшін әлемнің кез-келген мемлекетінде орналасқан жоғарғы оқу орындары өтінім бере алады. Қауымдастықтар, желілер және Жан Моне жобалары үшін өтінім беруші ретінде еуропалық интеграциялау проблемасымен белсенді айналысатын ұйымдар болуы мүмкін

Қадамдық нұсқаулық

  1. Кандидаттардың ECAS есеп жазбасы (Еуропалық комиссияның сәйкестендіру қызметі) және PIC нөмірі болуы керек. Егер сіздің ЖОО-да ECAS есеп жазбасы және PIC нөмірі болса сіз оларды пайдалана аласыз, егер болмаса сіз тіркелуіңіз керек. Әрбір кандидат-ұйым тек қана бір PIC нөмірді пайдалануы керектігін ескере отырып, өтініш, алдымен Өзіңіздің ЖОО-ның халықаралық-заң бөлімімен Сіздің ЖОО-да осындай нөмір бар не жоғын нақтылау үшін байланысыңыз немесе іздеудің келесі құралын пайдаланыңыз: http://ec.europa.eu/research/participants/portal/desktop/en/organisations/register_sec.html
    ECAS есеп жазбасын қалай құру керек және PIC нөмірін қалай алады – бейне нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?time_continue=5&v=q7LKyBoBKDw
    Тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: https://webgate.ec.europa.eu/cas/eim/external/register.cgi
  2. PDF (eForm)  форматындағы ресми электрондық нысанды жасаңыз: https://eacea.ec.europa.eu/PPMT/. Жан Моне жобалары үшін өтінім берудің дұрыс нысанын пайдаланыңыз.
  3. eForm толтырыңыз. Келесі міндетті қосымшаларды толтыруды және бекітуді ұмытпаңыз:
     - Жобаның толық жазылуы (Word форматында).
     - Бюджетті есептеу (Excel форматында)
     - Сканерленген ар-намыс декларациясын (PDF форматында)
  4. Сіз eForm толтыруды және қосымшаны бекітуді аяқтағаннан кейін «Валидтеуді» басыңыз. Бұл қажетті алаңдардың барлығы толтырылғаны жөнінде сізді ақпараттандыратын автоматты түрде тексерісті бастамалайды. Егер солай болса, онда сіз батырманы сол күйінде басып, онлайн өтінім жібере аласыз.
  5. Онлайн өтінім бергеннен кейін, өтініш беруші электрондық пошта бойынша растауды және өтінімнің тіркеу нөмірін алуы керек.
  6. Қосымшалардың түрлері, толтыру үлгілері, сонымен қатар өтінім беру бойынша басшылық пен құжаттарды толтыру жөнінде нұсқаулықты конкурстың басталуын жариялағаннан кейін Еуропалық комиссияның (EACEA) Білім, дыбыстық бейнелік құралдары және мәдениет бойынша атқару агенттігінің http://eacea.ec.europa.eu сайтынан таба аласыз.

Өтінім беру мерзімі «Конкурс туралы хабарламалар» жыл сайынғы мәтінінде көрсетіледі.

Аяқталған және ағымдағы жобалар жөнінде ақпаратпен Эразмус+ жобалары нәтижелерінің платформасында және Жан Моне ақпарат каталогынан танысуға болады.

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,

9-шы блок, 225-226 кеңсе,.

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645

E-mail: neo@erasmusplus.kz 

nc@erasmusplus.kz

Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.

.

Copyright © 2019 National Erasmus+ office in Kazakhstan. All Rights Reserved. Designed By © Belight LLP