PIC ТІРКЕУ

Эразмус+ бағдарламасының іс-шараларына қатысу үшін ұйымдардың ECAS (Еуропалық комиссияның аутентификация қызметі) есептік жазбасы болуы керек және қатысушының 9 таңбалы сәйкестендіру кодын (Participant Identification Code - PIC) алуы қажет.

Әрбір ұйым тек бір PIC нөмірін пайдалануы тиіс. Сіздің ЖОО/ұйымыңызда мұндай нөмір бар - жоғын анықтау үшін мына іздеу құралын пайдаланыңыз: http://ec.europa.eu/research/participants/portal/desktop/en/organisations/register_sec.html

«ECAS есептік жазбасын жасау және PIC нөмірін алу» туралы біздің бейненұсқаулығымыздан қараңыз: https://www.youtube.com/watch?time_continue=5&v=q7LKyBoBKDw

Тіркелу үшін мына сілтемені пайдаланыңыз: https://webgate.ec.europa.eu/cas/eim/external/register.cgi

PIC мәртебесі

PIC 3 түрлі мәртебесі болады: талап етілген (DECLARED), ұйықы күйіндегі (SLEEPING) және расталған (VALIDATED).
Сіз бірінші рет тіркелсеңіз, DECLARED күйінде автоматты түрде PIC аласыз. Бұл конкурсқа қатысу үшін жеткілікті. Егер сіздің өтініміңіз қаржыландырылса, ұйымды тіркеу кезінде ұсынылған ақпарат гранттық келісімге қол қоймас бұрын расталуы керек және сіздің PIC VALIDATED мәртебесіне ие болады.
Егер ұйым портал әкімшілерінің сұрауы бойынша қажетті құжаттарды бермесе, PIC SLEEPING күйіне өтіп кетуі мүмкін.

LEAR дегеніміз кім?

ЖОО-ны тіркеуге бір адам (Legal Entity Appointed Representative - LEAR) жауап беруі өте маңызды.

LEAR заңды тұлғаның уәкілетті өкілі болып тағайындалады және заңды тұлғаның құқықтық мәртебесіне байланысты барлық мәселелер бойынша Еуропалық Комиссия / Атқарушы Агенттік үшін байланыс тұлғасы болып табылады. LEAR рөлін Сіздің ұйымыңыздың әкімшілік қызметкері орындай алады (мысалы, проректор немесе халықаралық бөлім басшысы). Комиссия бекіткеннен кейін LEAR келесіге уәкілетті болады:

  • порталда ұйым туралы ақпаратқа өзгерістер енгізу
  • ұйым қызметкерлерінің порталына кіру құқықтарын басқару
  • қаржыландыру және тендерлер порталы арқылы ұйымның өкілдерін гранттық келісімдерге (LSIGN) немесе қаржы есебіне (FSIGN) Электрондық қол қою үшін ұйым өкілдерін тағайындау.

Назар аударыңыз! LEAR ауысқанда порталға қажетті өзгерістер енгізу керек. Қызметкер жұмыстан босатылған жағдайда порталдың логині мен паролін тапсыруды істерді қабылдау-тапсыру кезіндегі рәсімдер тізбесіне енгізу қажет.

LEAR тағайындау толық нұсқаулық

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесіне +7 727 3118645 телефоны арқылы хабарласыңыз.

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,

9-шы блок, 225-226 кеңсе,.

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645

E-mail: neo@erasmusplus.kz 

nc@erasmusplus.kz

Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.

.

Copyright © 2019 National Erasmus+ office in Kazakhstan. All Rights Reserved. Designed By © Belight LLP