Эразмус+

 

Эразмус+ - Еуропалық Одақтың 2014-2020 жж. жаңа...

Маңызды!

Егер Сіздің жоғарғы оқу орныңыз PIC нөмір алмаған жағдайда..

Жоғары білім беру жүйесі

Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесі...

Темпус

Темпус - Еуропалық Одақтың 2007-2013 жж. бағдарламасы...

Қазақстандағы жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылар Ұлттық тобы

Команда міндеті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Болон процесінің мақсаттарына сәйкес жоғары білім берудің модернизация үдерісіне қолдау көрсету.

Топтың құрамына жоғары оқу саласының әр түрлі деңгейінде тәжірибелері мол профессионалдар кіреді - ректорлар, проректорлар, кафедра меңгерушілер, бөлім және бөлімшелер жетекшілері ретінде.

Сарапшылардың мол тәжірибесі мен білімділіктері, олардың ашықтығы мен ынтымақтастыққа дайындықтары олардың қызметтеріне ғылыми қоғамдастықтын сұранысын қамтамасыз етеді.

Сарапшылардың көпшілігі - Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы, Аккредиттеу және рейтингтер тәуелсіз агенттігі және басқа да ұлттық ұйымдары жұмыс топтарының мүшелері. 4 сарапшы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық маңызды құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының тұрақты мүшелері болып табылады.

Топ мүшелері, ұлттық және халықаралық деңгейдегі түрлі бағыттары бойынша сессиялардың спикерлері мен модераторлары ретінде қызмет жасайды.

Команда бірнеше жыл бойы, 2008 жылдан бастап, өз мақсатттарын жүзеге асырады.

Бастапқы тұрғыда ЖБРС ұлттық тобы мүшелері жоғары білім беруді реформалау халықаралық тәжірибесін зерттеп және қорытындылап, өз әлеуетін арттырды.

Өткен кезеңде топ мүшелері жоғары оқу орындарының басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыруға бірқатар жұмыстар атқарды - екі Жазғы (Алматы және Қарағанды ққ.) және Қысқы (Семей қ.) Мектептері, 20-дан астам аймақтық семинар-тренингтер (Астана, Қостанай, Көкшетау , Шымкент, Атырау, Ақтау, Орал, Петропавл, Ақтөбе, Жезқазған, Тараз).

Бұл шаралардың тақырыптары жоғары оқу орындарының мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып дайындалған - жоғары білім саласындағы стратегиялық жоспарлау, құзыреттіліктер негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу, академиялық ұтқырлық, ECTS, Біліктілік шеңбері, дипломға қосымша, электрондық оқыту, студентке-бағдарланған оқыту және басқалары. Оларға Қазақстанның 14 аймақтарынан 50 жоғары оқу орындарының 3000-нан астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері қатысты.

ЖБРС ҰТ Қазақстан біліктілік шеңбері және еуропалық үлгідегі дипломға қазақстандық қосымшасын рәсімдеу және беру бойынша ҚР БҒМ-не ұсыныстарын берді.

Команданың қызметі, сондай-ақ Қазақстандағы жоғары білім беруді дамыту өзекті мәселелері бойынша талдау және басылымдарды қамтиды.

Олардың арасында, «Қазақстандағы Жоғары білім және Болон үдерісі реформасы: практикалық іс-қимыл үшін ақпараттық материалдар», «Қазақстанның жоғары білімінің халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциясы: жетістіктер, мәселелер және даму келешегі», «Қазақстанның жоғары білімінің Болон процесіне интеграциясының кейбір жағдайлары: басқару, мазмұны, ғылым, адам ресурстары», «Болон процесі контексінде Қазақстанның жоғары білімі», «Қазақстандағы Болон процесін жүзеге асыру: қазіргі заманғы үрдістері контекстінде тәсілдерді жаңғырту». Бұлардың мәтіндерімен www.erasmusplus.kz сайтында «Басылымдар» бөлімінде танысуға болады.

Команда елдегі жоғары білім беру жүйесін өзгертуін жарықтандыра келе, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мен әлеуметтік желілерде өзінің медиа қатысуын кеңейтуде. ЖОО-дың талабы бойынша, сарапшылар басқа ЖОО әріптестерімен бетпе-бет және қашықтан консультацияларды өткізеді.

ЖБРС ҰТ Эразмус+ бағдарламасы Ұлттық кеңсесінің жалпы сайтындағы жеке беті ақпаратқа оңай қол жеткізу, сарапшылардың консультациялық қызметтері пайдаланушыларға ыңғайлылау болсын деген мүмкіндігін береді.

Сарапшылардың біліктілігін арттыруына көп көңіл бөлінеді. Еуропалық Білім, Аудио-бейне құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің (EAСEA) атынан және оның қолдауымен Еуропа университеттері қауымдастығы Барселона университетімен бірлесіп Еуропада тұрақты оқу іс-шаралар, сондай-ақ, Серіктес Елдерде техникалық көмек көрсету жөніндегі мақсатты миссияларын (ТАМ) ұйымдастырады.

2016 жылы Команда белгілі еуропалық сарапшылардың қатысуымен 5 TAM семинарын дайындап өткізді.

Еуропалық тілдерін білу, үнемі шығармашылық ізденіс, инновацияларға бас бұру, инновациялық көзқарас Команданың еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуының алдынғы катарында болуына мүмкіндік береді.

Присоединяйтесь к нам

Мы в Социальных сетях. Подписывайтесь на нас и оставайтесь в курсе новостей.
Эразмус+ Қазақстанда
mod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcounter
536
769
2965
21399
562196

Веб-сайт Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде дайындалған, даму мәсәлелері мен ынтымақтастық жөніндегі Бас Директораты – EuropeAid және кеңейту мәселелері жөніндегі Бас Директораты қаржыландырады. Веб-сайттағы ақпараттар тек авторлардың пікірлерін көрсетеді. Веб-сайтта орналасқан ақпараттардың кез келген қолданылуын Атқарушы Агенттігі және Еуропалық Комиссия өз жауапкершілігіне алмайды.