Эразмус+

 

Эразмус+ - Еуропалық Одақтың 2014-2020 жж. жаңа...

Маңызды!

Егер Сіздің жоғарғы оқу орныңыз PIC нөмір алмаған жағдайда..

Жоғары білім беру жүйесі

Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесі...

Темпус

Темпус - Еуропалық Одақтың 2007-2013 жж. бағдарламасы...

Құрметті әріптестер!

Қазақстандағы жоғары білім беруді жаңарту үрдісінде оның интернационализациясы бойынша қазақстандық ЖОО Болон үдерісінің негізгі компоненттерінің адаптациясымен байланысты сұрақтар туындайды. Осындай сұрақтар бойынша сіздер Қазақстандағы Эрасмус+ (НЕО) бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің электронды поштасына жүгіне аласыздар: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.   

НСіздердің сұрақтарыңызға Қазақстандағы жоғары білімді реформалау бойынша эксперттер Ұлттық командасы жауап береді.

Жауап: Бұл 1999 жылы Болоньеде 29 еуропалық елдің білім министрлері қол қойған Болон үдерісінің бастамасы болған жоғары білім берудегі халықаралық серіктестік туралы және Еуропалық жоғары білім кеңістігінің келесі негізгі мақсаттарына бағытталған Декларация: нақты анықталған және сәйкес келетін дәрежелерді енгізу, екі кезеңдің құрылымды енгізу; ECTS аналогиялық жүйесіне кредиттік жүйені енгізу; ұтқырлықты қалыптастыру; жоғары білім берудің еуропалық аспектілерін кеңейту және сапасын бақылау салаларындағы еуропалық серіктестікті дамыту.

Жауап:Бұл – Жоғары білім саласында келісілген және ашық саясатты жүргізетін Болон үдерісінің барлық қатысушы елдерінің бірыңғай еуропалық білім кеңістігі.

Жауап:Еуропалық университеттер ассоциациясы(EUA) – бұл университеттердің жоғары білім беру саласында құрылымдық және келісімдік саясатты жүргізуге, университеттердің Болон үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз етуге, жоғары оқу орындарына олардың автономиясын, өзін өзі басқару құқығын, ғылыми-зерттеу және оқу жұмыстарын жүргізу кезіндегі академиялық бостандықтарын қорғауға қолдау көрсетуге мақсатталған еуропалық деңгейдегі ұйым.

Жауап:Бұл Еуропалық Одақтың ғылыми ресурстарын интеграциялауға бағытталған ғылыми-зерттеу бағдарламаларының жүйесі. Еуропалық зерттеу кеңістігі Болон үдерісіне қатысушы елдердің зерттеушілерінің тығыс серіктестігі негізінде Еуропада ғылыми зерттеулер саласында бірыңғай және ашық саясатты жүргізуге мүмкіндіктер туғызуға, сондай-ақ зерттеушілерді дайындау жүйесін жетілдіруге және экономика ғылымына қарасты бәсекеге қабілеттілікті дамытуға әсер етеді.

Жауап:Білім алу нәтижелері білім алу аяқталғаннан кейін білетін, түсінетін немесе істей алатын әрекеттерінен көрінетін құзіретті жиынтық ретінде анықталады.

Жауап:Бұл – Юнесконың, Еуропалық кеңестің, Еуропалық комиссияның стандарттарымен құрастырылған жоғары білім туары ресми құжаттың стандартталған қосымшасы және біліктілікті алған тұлғаның оқып, табысты аяқтаған білім алу мазмұнын, деңгейін, сипаттамасын, контекстін және мәртебесін анықтау үшін қолданылады.

Жауап:Олар бірізді үш сатыны қамтиды, сондай-ақ Болондық үдерістің анықтамаларына сәйкес келетін үш циклдың әрқайсысы бойынша оқыту нәтижелерін кеңінен жалпылауды қамтиды. Дублиндік дескрипторлар мына сипаттамаларға да жауап береді:

  • жоғары білімнің қысқартылған циклының аяқталуын білдіретін біліктіліктер (бірінші циклдың/сатының/деңгейдің/дәреженің шеңберінде);
  • бірінші циклдың аяқталуын білдіретін біліктіліктер (бакалавриат);
  • екінші циклдың аяқталуын білдіретін біліктіліктер (магистратура);
  • үшінші циклдың аяқталуын білдіретін біліктіліктер (Ph.D докторантура).

Жауап:Негізгі артықшылығы академиялық қызметкерлердің ұтқырлығын арттырып, олардың үздіксіз білім алуларын қамтамасыз ете отырып, ұлттық біліктіліктердің Еуропадағы танымалдылығын арттырады. Басты мақсаты – жекелеген елдердің ұлттық біліктіліктерін бірыңғай еуропалық стандартқа жақындату.

Жауап:Жоғары білімнің әлеуметтік өлшемі – көптеген жастарға ең жоғары білім дәрежесіне жетіп, олардың тұлғалық мүмкіндіктерін барынша ашуға мүмкіндік беретін жоғары білімге қолжетімділікті, студенттерді ақпараттандыру мен кеңес беруді, оларды материалдық қолдау және әлеуметтік мүмкіндіктерінің теңдігін қамтитын Еуропалық жоғары білім кеңістігін жүзеге асыру механизмдерінің жиынтығы.

Жауап:Ол ұлттық білім беру жүйесінің артықшылықтарын сақтай отырып жинақталған Бірыңғай Еуропалық жоғары білім кеңістігінің, Еуропалық зерттеу кеңістігінің қалыптасып дамуына әсер ететін еуропалық елдердің ұлттық білім беру жүйелеріндегі жоғары білім берудің жалпы белгілеріның жиынтығы ретінде анықталады.

Жауап:Бұл қолданыстағы білім сапасын бақылаумен байланысты шаралар мен процедуралар кешеніне жататын, сәйкес құралдардың дамуына байланысты кешенді түсінік. Бұл салаға бағалау (жоо жұмысын бағалау жүйесі), аккредитация, сапа менеджменті, қолданыстағы стандарттарды анықтау жатады. Сапаның сәйкес критерилерін, жалпы әдістемесін құрастыру мақсатындағы еуропалық серіктестікті дамыту Болон үдерісінің негізгі міндеттерінің бірі.

Жауап:Бұл – еуропалық сапаны қамтамасыз ету агенттігі, қоғамдық ұйымдар және оқу орындарының арасындағы жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету салаларындағы алдыңғы қатарлы тәжірибе мен инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал ететін жалпы еуропалық орган.

Жауап:Бұл – Еуропадағы сапаны қамтамасыз етудің жалпы ұстанымдарына сәйкес келетін агенттіктер кіретін жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің тізімі.

Жауап:Білім берудің интернационализациясы түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарының зерттеушілік, оқытушылық және администраторлық жұмыстарының түрлі халықаралық аспектілерін қосу үдерісі болып табылады.

Жауап:Бұл – Еуропалық жоғары білім берудің әлеуметтік аспектілері бойынша салыстырмалы мәліметтерді жинау мақсатында құрылған халықаралық білім беру бағдарламасы. Жоба елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен студенттердің өмір сүру шарттарына назар аударып, қазіргі заман деңгейіндегі халықаралық тұтастықты зерттейді.

Жауап:Еуропалық студенттердің, оқытушылардың және зерттеушілердің тұтастығы – Еуропалық білім беру кеңістігі мен Еуропалық зерттеу кеңістігінің қалыптасуының негізгі ұстанымы. Ұлттық білім беру жүйесінің дамуынажәне өз елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің еркін қозғалысына мүмкіндік береді.

Жауап:Бұл мәселе тек Қазақстандық оқу орындарына ғана тән жағдай емес. Бұл Tempus серіктес елдерінің оқу орындарында да көрініс алған жайт. Шығыс Еуропа, Ресей, Орталық Азия елдері үшін жеке сектор тарапынан белді бәсекелестік танлса, Таяу Шығыс елдері бұл мәселенің халықаралық деңгейде жүріп жатқандығынан, яғни кәсіби мамандардың бай көршілес елдерге қоныс аударып жатқандығынан зардап шегіп отыр. Еуропалық университеттер оқытушылық қызметке басты назар аудару арқылы бұл мәселені шешіп отыр. Академиялық қызметкерлер алдыңғы қатарлы ғылымыи блім иегерлері және ғылыми жалғастықты бере алатын болғандықтан мұның мәнісі бар. Осыған байланысты еуропалық университеттердің кадрлық саясаттары олардың жоғары еңбекақы алуын ғана емес, мансыпты жоспарлау, қызметкердің мансаптық өсуін; e-learning жүйесін қолданатындаремн қоса, академиялық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру; академилық еркіндікті, ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізуге қолдау көрсетуді, академиялық тұтастықты кеңейтуді қамтамасыз ету арқылы олардың жұмыс барысын басты назарға алып отыр.

Жауап:Ұлттық біліктілік шеңбері – бұл Қазақстан еңбек нарығында мойындатылған біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы. Национальная рамка квалификаций – это структурированное описание квалификационных уровней, признаваемых на рынке труда Казахстана. ҚР 2012 17 ақпандағы № 566-IV ЗҚР «ҚР Еңбек кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес ҚР Еңбек кодексі 10-1 Ұлттық біліктілік жүйесі тармағымен толықтырылды. Осыған байланысты Ұлттық біліктілік шеңберінің әрбір біліктілік деңгейініңтолық кісіби сипаттамалары бар. Ұлттық біліктілік шеңберінің дайындалып бекітілуі республикалық жұмыс берушілер ұйымдары мен республикалық жұмысшылар ұйымынының пікірлерін есепке ала отырып мемлекеттік еңбек бойынша құзіретті органның білім беру саласындағы құзіретті органның бірігуімен жүзеге асады. Ұлттық біліктілік шеңбері мен Еуропалық біліктілік шеңберінің ара жігін ажырату үшін, Еуропалық біліктілік тураы ақпаратпен танысқан дұрыс.

Жауап:Еуропалықбіліктілік шеңбері ЕО мүше елдердің академиялық дәрежелері мен біліктіліктерінің сәкестігін қамтамасыз ету құралы ретінде Еуропалық Одақтың бастамасымен құрылды. Еуропалық біліктілік шеңбері 2008 жылы 23 сәуірде Еуропалық парламент пен Еуропалық кеңес тарапынан қабылданды. Бұл еуропалық ұлттық біліктілік шеңберлері мен олардың мазмұндайтын біліктілігінің арасында ашық байланыс орната алатын біліктіліктің шеңберлік сипаттамасы. Еуропалық біліктілік шеңбері – бұл ұлттық біліктіліктерді салыстырады және білім терминінде, құзіреттілік және дағды терминдерінде әр қайсысы сипатталған, бір біліктіліктің екінші біліктіліктен сапалық артықшылығын көрсететін 8 деңгейден тұратын құрылымдық кестені көрсете алады. Еуропалық біліктілік шеңбері елдер арасындағы біліктіліктерді салыстыруға ықпал етіп, Ұлттық біліктілік шеңберлерін құрастыру үшін тек қана ЕО елдеріне ғана емес, барлық Болон үдерісі елдеріне бағыт бере алады.

Жауап:Еуропалық аумақта жоғары білімге жататын біліктілікті мойындау туарлы Лиссабон конвенциясы – халықаралық акт. Бұл 1997 жылы 11 сәуірде Лиссабон қаласында қабылданды. Конвенция Қазақстан Республикасында 1997 жылы 13 желтоқсандағы № 202-І Заңымен ратификацияланды. Конвенция жоғары білім беру жүесі шеңберіндегі біліктілікті мойындату құрылымын жасауды қарастырады және біліктілік құжаттарын реттеу үшін құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған. Еуропа кеңесі мен Юнесконың белсенді қатысумен жасалды. Конвенцияда конвенцияға қосылатын елдердің мемлекеттік органдарымен біліктілікті қабылдау саласында қабылданатын шешімдердің процедуралық мәселелері көрсетілген. Берген қаласындағы (2005 ж) Болон үдерісіне қатысушы елдердің министрлері (жоғары білім бойынша) конференциясында млйындау туралы Лиссабон конвенциясының ережесін жетілдіретін құжаттар мақұлданды, Еуропалық білім беру кеңістігінің екі немесе одан көп елден берілген бірлескен дипломдарды/дәрежелерді барлық елдердің өкілдерін мойындауға шақырды.

Жауап:Квалификация – бұ л білім берудің белглі бір деңгейін аяқтағандығының ресми расталып мойындалуы (сәйкес құжат ретінде). Лиссабон конвенциясында көрсетілген «Еуропалық аумақтағы жоғары білімге жататын біліктілікті мойындау туралы» бөліміндегі «біліктілік» түсінігіне ерекше назар аударған жөн. Конвенцияда оның екі анықтамасы берілген: а) жоғары білім бағдарламасын табысты аяқтағандығын куәландыратын құзіретті орган тарапынан берілген кез келген құжат, диплом немесе куәлік; b) «жоғары білімге мүмкіндік беретін біліктілік» - бұл кез келген құзіретті орган тарапынан берілген оқу бағдарламысн аяқтағандығын жөніндегі диплом немесе басқа куәлік, бұл оның иегеріне жоғары оқу орнына қабылдану мақсатында оның кандидаттығын қарауға керек.

Жауап:ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System) – бұл Еуропалық кредиттер жинақтау және аудару жүйесі, анығырақ айтсақ білім бағдарламасы немес курста оқыған студенттің оқу жүктемесін есептеу жүйесі. Студенттердің оқ жүктемесі бір жылда 60 ECTS-кредиттерге тең болады, бұл сабаққа қатысу, семинарлар мен зертханалық жұмыстарға қатысу, үй жұмысын орындау, аралық және қорытынды бақылауларға қатысуды есептегендегі шамамен сағатты 1500-1800 қамтиды. Студенттің жылдық оқу жүктемесі жоғары білімнің үш циклының да студенттері үшін бірдей 60 кредит: студентте, магистрлар, докторанттар.

Жауап:Аккредитациялық органдар ұлттық реестрін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүргізеді. Төменде 2014 жылғы 1 сәуірдегі реестр жағдайы көрсетілген. Аккредитациялық органдар ұлттық реестрі:

Агенттіктің атауы

Заңды мекен жайы, сайт

1.

Инженерия мен технология бойынша аккредитациялық кеңес (ABET, США)

111 Market Pl., Suite 1050 Baltimore, MD 21202 USA Telephone: (410) 347-7700 Fax: (410) 625-2238 www.abet.org

2.

Австриялық сапа мен аккредитацияны қамтамасыз етуші агенттік (AQ Ausria, Австрия)».

Wicken-burg-gasse 26 1080 Vienna Austria Phone: +43 1 319 44 50 11 Fax: +43 1 319 44 50 20 www.aqa.ac.at

3.

Аккредитация, сертификация және сапа институты (ACQUIN, Германия)

Brandenburger Str. 2 95448 Bayreuth Germany Phone: +49 921 530390-50 Fax: +49 921 530390-51 www.acquin.org

4.

Инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика бағдарламалары бойынша аккредитациялық агенттік (ASIIN e.v., Германия)

PO Box 10 11 39 D-40002 Duesseldorf Germany Phone: +49(0)211/6214-370 Fax: +49(0)69/13306978057 www.asiin.de

5.

Аккредитация және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА, Қазақстан Республикасы)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Алматы ауданы, Ташенов к-сі 4/2 үй. Тел.: 87172440706 Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . Бұл e-mail адрес спам-боттардан қорғалған. Оны қарау үшін сізде Javascript қосылған болуы керек, сайт: www.iaar.kz

6.

Білім беруде сапаны қамтамыз ету тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚТҚА, Қазақстан Республикасы)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Достык, 20, СҮ «Санкт-Петербург», кеңсе 801. Тел./факс: 8(7172)48-63-74 Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. www.nkaoko.kz

Жауап:Аккредитация — бұл оқу орындарының нақты стандарттарға сәйкестігін анықтау мақсатында не жалпы оқу орнына, не оның жекелеген оқу бағдарламаларына жүргізілетін сапаны бағалай үрдісі. Аккредитация институционалдық (жалпы оқу орнының аккредитациясы) және мамандандырылған (жекелеген оқу бағдарламаларын аккредитациялау) болып бөлінеді, оларды ұлттық және шет елдік аккредитациялық органдар жүргізеді.

Жауап:Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау жоспарлы түрде білім басқармаларымен немесе оған теңдес құзіретті органдармен 5 жылда бір рет жүргізіледі. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, орта білімнен кейінгі білім, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдары да әр мамандық бойынша аттестациядан өткізледі. Аккредитация жүргізілген оқы орындары аккредитация мерзіміне, 5 жылдан көп емес уақытқа аттестациядан босатылады (ҚР «Білім туралы» заңының 59 бабы).

Жауап:

1) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау;

2) білім беру жүйесіне қойылатын Қазақстан Республикасындағы білім беру мен біліктілік қажеттіліктері туралы заңнамасының орындалуын бақылау.

Жауап:Білім беру жүйесіндегі Мемлекеттік бақылау азаматтардың білім алу құқықтарының орындалуына және олардың оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың ҚР Заңнамасына сәйкес ораныдалуын қамтамасыз етеді (ҚР «Білім туралы» заңының 59 бабы)

Жауап:Модульдік білім бағдарламалары нақты модульдерді меңгеу кезінде қалыптасқан құзіреттіліктердің міндетті сипаттамасын қамтиды. Әр модульдің еңбек сыйымдылығы тек KZ кредиттері ғана емес, ECTS жалпы еуропалық есеп жүйесі бойынша анықтаалды. ECTS жүйесі тәжірибе бойвнша студенттің бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысуы кезінде қолданылады. Модульдік білім бағдарламасы жаһандық білім кеңістігінде жүзеге асады. Халықаралық тәжірибе бойынша «құзіреттілік – модуль – кредиттер» үш элементінің байланысынан туындаған бағдарламалардың тиімділігін көрсетті.

Жауап:Модульдік білім бағдарламалары уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, практикалық және тәжірибелік сабақтарды көбейтеді, студенттердің өзіндік жұмысына көңіл бөлінеді, оқытудың қайталануын болдырмайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жиі жүргізуге мүмкіндік береді.

Жауап:Модульдер мазмұны әлеуметтік тапсырысты және еңбек нарығы талаптарын есепке ала отырып өзгеріп отырады. Білім алушылар шешім қабылдау үшін немесе нақты көрсетілімдер алу үшін ақпарат алады. Модульдер жұмыс берушінің талаптарына жауап беретін құзіреттілікті қалыптастырады.

Жауап: «Модульдік жүйе» - Болон үдерісінің негізгі параметрі. Әр модуль білім беру деңгейлері бойынша Дублиндің дескрипторларға сәйкес қажетті құзіреттіліктерді қалыптастырады.

Жауап:Білім алушылардың кәсіби құзіреттілігі коммуникативтік құзіреттілік, жалпы кәсіби құзіреттілік, ғылыми-зерттеу саласында, қолданбалы әрекетте, ұйымдастырушылық-басқарушылық әрекеттерде дайындаудың профилін ескергендегі әрекеттердің түрлеріне байланысты арнайы құзіреттілік талаптарының негізінде қалыптасады.

Жауап:Модульдік білім бағдарламасы кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға, кәсіби құзіреттелікті кеңейтіп, тереңдетуге, жұмыс берушінің талаптарына сай келетін нақты жұмыс саласына бағыттайды.

Жауап:Модульдік бағдарламалардың рөлі олардың түрлеріне байланысты анықталады. Жалпыға міндетті модульдік бағдарламалар мамандыққа байланыссыз тікелей жалпы құзіреттіліктерді қалыптастырады. Белгілі бір мамандық модульдері мамандық шеңберіндегі құзіреттіліктерді қалыптастырады. Біліктілік шеңберінен тыс таңдау модульдері қосымша құзіреттіліктерді қалыптастырады. Белгілі бір мамандық бойынша таңдау модульдері білім алушыға білім алудың нақты траекториясын анықтауға мүмкіндік береді.

Жауап:Модульдік білім бағдарламаларының ерекшеліктері – блоктардың тұратын икемді мазмұн құрылысы; оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерінің біріктірілуі; белгілі бір аудитория үшін сай келетін оқыту түрін таңдау; білім алушылардың оларға ыңғайлы темпте жеке оқу бағдарламалары бойынша өзіндік жұмыстарын жүргізуі; пәнаралық байланысты арттыру және оқу орнынынң арнайы кафедраларының әрекеттестігі мәселесін шешу.

Жауап:Модульдік білім бағдарламаларын қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар: білім бағдарламаларының құрылымын жасауға жүйелі әдістер; білімнің жеке элеметтерге негізделуі және оқушы мен оқытушы арасындағы нақты айқандылған серіктестік тәсілі; әр модульдің ішінде және арасында әдістемелік дұрыс келсімді қамтамасыз ету; модульдік курстың құрылымының және білім бағдарламаларының ыңғайлылығы; студенттердің білімін бақылау, бақылау шараларын семестрлерге бөлу; білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін арттыратын дамыта қоытуды жүзеге асыру.

Жауап:Модульдік білім бағдарламасы – нақты академиялық дәрежені немесе біліктілікті алу үшін қажетті дағдылық құзіреттерді меңгеруге бағытталған оқу модульдерін салыстыра оқыту қарастырылған оқыту бағдарламасы.

«Біздің көзқарасымызша, еуропалық елдердің келесі тәжірибелерін басшылыққа алған жөн:

1. Қызметкерді жұмысқа алу үшін кезең бойынша іріктеуден өткізу:

a. түйіндеме, ұсыныс хаттар және басқа да формалыдқ құжаттар негізінде;

b. Басшы, мамандық бойынша профессордың және психологтың қатысуымен әңгімелесу жүргізу негізінде;

с. ашық білімді талдау негізінде.

2. Сынақ мерзімін қолдаун, әріптестер мен студенттерге айтылған ескертулерді қалай түзететіндігіне байланысты мониторинг жіргізуді тапсыру.

3. Оқытушының тұлғасын бағалау бойынша жүргізілетін барлық процедураларды ашық түрде жүргізу: құзіреттілігі: тұлғалық сапалары».

Жауап:Білім беру бағдарламасын жобалау дәстүрлі түрде оның мазмұнын айқындаудан басталды. Оқытушы мазмұн мен материалдарды дайындап, жоспар құрды, осылай білім үрдісіндегі негізгі фигура болып қалыптасты. Білім бағдарламасын осылай жүзеге асыру «оқытушыға орталықтандырылған» деп аталды (teacher-centered approach). «Студентке орталықтандырылған» (student-centered approach) оқу бағдарламасын жобалау болондық өзгерістерге сай жасалды. Жаңа әдіс бойынша білім нәтижесі қандай әдіс-тәсілдерді қолдануына байланысты емес, студенттің көзқарастарына, түсінігіне байланысты болады. Оқу үрдісінің орталағы болып студент және оның танымдық әрекеттері бірінші орынға шығады (learning). Осыған байланысты оқытушының рөлі де өзгереді. Оқытушы студенттерге кеңес береді, және мотивация береді. Бұл әдіс студентке ойлау еркіндігін береді, ол оқитын мәліметтерді өзі табаыд, өзі іздейді, бірақ бұл студент тарапынан жинақылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті талап ететін әдіс.

Жауап:Еуропалық үлгідегі диплом қосымшасы DS (Diploma Supplement), біліктілікті алудың кәсіби мойындалуы, халықаралық дәреженің ашықтығын білдіретін құжат (диплом, дәреже, сертификаттар т.б.). Қосымша дипломды алушы тұлғаның оқу орнын табысты аяқтағандығын және оның білімінің дәрежесін, мазмұнын, деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар, қосымша берілген оқу орны орналасқан мемлекеттің жоғары білім беру жүйесі де сипатталады. Қосымшаның қажеттілігі білім беру жүйесінің көпжақты болуынан, яғни оқу орындарының түрлері, оқыту мерзімі мен формалары көбейіп кетті. Ұлттық білім беру жүйесі мен біліктілік құрылымдары тез болатын экономикалық және технологиялық өзгерістердің ықпалымен өзгеріп отырады. Осындай жағдайда ұтқыр азаматтарға өз біліктілігінің нақты сипаттамасы қажет болады. Қосымшаны беру қежттілігі осылай түсідіріледі. Егер қазақстандық бітірушілер тек Қазақстанда жұмыс істеп немесе оқуын жалғастыруды жоспарлаған болса, оларғы бұл қосымша қажет емес. Бұл оқуын әрі қарай жалғастырып, жұмыс табу ниетінде еуропаға шығатын бітірушілер үшін қажет құжат. Қосымша дипломның орнына жұмсалмайды, ол басқа елдерде қазақстандық білім беру жүйесінің Болон үдерісі елдерімен бірдей екендігіне, қазақстандық дипломдарды мойындатуға қажет болады.


Присоединяйтесь к нам

Мы в Социальных сетях. Подписывайтесь на нас и оставайтесь в курсе новостей.
Эразмус+ Қазақстанда
mod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcounter
232
1052
4370
19821
654242

Веб-сайт Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде дайындалған, даму мәсәлелері мен ынтымақтастық жөніндегі Бас Директораты – EuropeAid және кеңейту мәселелері жөніндегі Бас Директораты қаржыландырады. Веб-сайттағы ақпараттар тек авторлардың пікірлерін көрсетеді. Веб-сайтта орналасқан ақпараттардың кез келген қолданылуын Атқарушы Агенттігі және Еуропалық Комиссия өз жауапкершілігіне алмайды.