14
September
2017

Erasmus+ Ақпараттық Күнін 2017

Қазақстандағы Erasmus + ұлттық кеңсесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Еуропалық Комиссияның білім беру, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің қолдауымен Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігімен бірге Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық Күнін өткізеді.

Бағдарламамен таныса аласыздар.

Categories: Жаңалықтар

21
August
2017

Халықаралық кредиттік ұтқырлық жобаларының 2017 жылғы байқаудың нәтижелері бойынша

Халықаралық кредиттік ұтқырлық жобаларының 2017 жылғы байқаудың нәтижелері бойынша

Халықаралық кредиттік ұтқырлық жобаларының 2017 жылғы байқаудың нәтижелері бойынша, Қазақстан жоғарғы оқу орындарының қатысуымен 201 жобаның 114-і таңдалды.

Ұтқырлыққа белгіленген гранттың жалпы сомасы 2 622 000 еуро.

Categories: Жаңалықтар

10
August
2017

Эразмус+ бағдарламасының «Жоғары білім саласының әлеуетін көтеру» компонентіне сәйкес Үшінші байқаудың нәтижелері белгілі болды

Эразмус+ бағдарламасының «Жоғары білім саласының әлеуетін көтеру» компонентіне сәйкес Үшінші байқаудың нәтижелері белгілі болды. Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы агенттігінің (EAСEA) шешімі бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қатысуымен жеті жаңа жоба қаржыландыру үшін таңдалған.

Таңдалған жобалардың тізімімен мына жерде танысуға болады.

Categories: Жаңалықтар

20
July
2017

KIIT University Үндістан стипендиялық бағдарламасы

KIIT University Үндістан стипендиялық бағдарламасы

Құрметті студенттер.

Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық Кеңсесі Үндістанның Одиша қаласында орналасқан «Калинга өнеркәсіптік технологиялар институты» Университетінің (Kalinga Institute of Industrial Technology (KIIT) University) стипендиялық бағдарламасы жайлы мәлімдейді. Академиялық бейімді студенттерге бағытталған стипендиялық бағдарлама «Калинга өнеркәсіптік технологиялар институты» Университетінде ішінара шығынның өтелуі негізінде Қазақстан мемлекетінің екі студентіне жоғары білім алуға мүмкіндік береді (Стипендиялық бағдарлама орналастыру мен тамақтануды қоса толық оқу ақысының 50% өтейді).«Калинга өнеркәсіптік технологиялар институты» Университеті туралы толық ақпаратты стипендиялық бағдарламаға қызығушылық танытқан тұлғалар келесі сайттардан www.kiit.ac.in және www.kiss.ac.in таба алады.

KIIT Form

KIIT International Programs and Eligibility Criteria

KIIT Information Extension

Half Scholarship Fees

Categories: Жаңалықтар

25
May
2017

Алматылық жоғары оқу орындары халықаралық кредиттік ұтқырлық жобаларының үйлестірушілерімен Кеңес беру кездесуі

Алматылық жоғары оқу орындары халықаралық кредиттік ұтқырлық  жобаларының үйлестірушілерімен Кеңес беру кездесуі

Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық Кеңсесі 2017 ж. 29-шы мамыр күні Алматы қаласында Алматы энергетика және байланыс университетінде Екінші конкурс (2016, 1 және 2 кезеңдер) қорытындысы бойынша таңдалған Халықаралық кредиттік ұтқырлық (ХКҰ) жобаларына үйлестірушілерімен Кеңес беру кездесуін өткізеді. Осы Еуропалық комиссияның бастамасына ХКҰ Екінші конкурс шеңберінде Алматы қаласының 25 жоғары оқу орындары қатысады.

Categories: Жаңалықтар

[12 3 4 5  >>  

Присоединяйтесь к нам

Мы в Социальных сетях. Подписывайтесь на нас и оставайтесь в курсе новостей.
Эразмус+ Қазақстанда
mod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcounter
158
913
2025
11264
706808

Веб-сайт Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде дайындалған, даму мәсәлелері мен ынтымақтастық жөніндегі Бас Директораты – EuropeAid және кеңейту мәселелері жөніндегі Бас Директораты қаржыландырады. Веб-сайттағы ақпараттар тек авторлардың пікірлерін көрсетеді. Веб-сайтта орналасқан ақпараттардың кез келген қолданылуын Атқарушы Агенттігі және Еуропалық Комиссия өз жауапкершілігіне алмайды.