Эразмус+

 

Эразмус+ - Еуропалық Одақтың 2014-2020 жж. жаңа...

Маңызды!

Егер Сіздің жоғарғы оқу орныңыз PIC нөмір алмаған жағдайда..

Жоғары білім беру жүйесі

Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесі...

Темпус

Темпус - Еуропалық Одақтың 2007-2013 жж. бағдарламасы...

ЭРАЗМУС МУНДУС БАҒДАРЛАМАСЫ

Эразмус Мундус – бұл жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық пен ұтқырлық Ол үшінші елдермен бірлестік құру арқылы еуропалық жоғары білім беру сапасын арттыруға және адамдар мен мәдениеттер арасында сұхбат пен өзара түсінушілікті алға бастыруға бағытталады.

Эразмус Мундус бағдарламасына төмендегілер қатыса алады:

 Жоғары оқу орындары консорциумдар құрамында;

 Жеке өтініш берушілер: студенттер, оқытушылар, жоғары оқу орындарының ғылыми және әкімшілік қызметкерлері;

 Жоғары білім беру саласында жұмыс істейтін басқа ұйымдар (олар көбінесе 3 Әрекеттің аясында еуропалық жоғары білім берудің тартымдылығын, танымалдығын, имиджін арттыруға бағытталған жобаларға қатыса алады).

1 ӘРЕКЕТ: Бірлескен магистрлік (1А Әрекет) және докторлық бағдарламалар (1В Әрекет), оның ішінде жеке стипендиялар беру. Бұл Әрекетте стипендиалық бағдарламаға жеке түрде әлемдегі кез келген елдің өкілдері қатыса алады. 1 Әрекеттің аясында 2012/13 академиялық жылға 131 магистерлік және 34 докторлық бағдарлама ұсынылады.

2 ӘРЕКЕТ: Еуропа және мақсатты Үшінші елдер/аумақтардың жоғары оқу орындары арасында құрылымдастырылған жеке ұтқырлықты ұйымдастыру және енгізу мақсатында ынтымақтастық бойынша серіктестіктерді (консорциумдарды) құру.

3 ӘРЕКЕТ: Еуропалық Жоғары Білім беруді трансұлттық бастамалар, зерттеулер, жобалар арқылы алға бастыру. Олар еуропалық жоғары білім берудің әлемдегі тартымдылығын, имиджін, танымалдығы мен қол жетімділігін арттыруға бағытталуы керек. 3 Әрекетке тек қана ұйымдар қатыса алады (Еуропадағы және еуропалық емес елдердегі жоғары оқу орындары, зерттеушілік және жоғары білім беру саласында жұмыс істейтін басқа да ұйымдар).

Эразмус Мундус бағдарламасына қалай қатысуға болады?

Эразмус Мундус бағдарламасын іске асыру үшін жауапты болатын білім беру, дыбыс-бейне құралдары және мәдениет жөніндегі Атқару Агенттігі жыл сайын бағдарламаға қатысу үшін өтінімдерді қабылдауға сайыс жариялайды.

Ақпарат келесі сайтта жарияланған: http://eacea.ec.europa.eu/erasmus_mundus/index_en.php

1 Әрекет бойынша жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары, зерттеушілері стипендияға өтінімдерін тікелей өздері таңдаған Эрасмус Мундус бағдарламарын ұсынатын университеттерге беру керек. Өтінімдерді берудің мерзімдері мен тәртібі, ізденішулерге қойылатын талаптар туралы толық ақпарат тиісті бағдарламаның вебсайттарында берілген.

2 Әрекет бойынша ЖОО, зерттеушілік және жоғары білім беру саласында жұмыс істейтін басқа ұйымдар өз ұсыныстарын нұсқаулық пен сайыстық құжаттамада мазмұндалған ережелер мен рәсімдерге сәйкес табыстау керек.

Эразмус Мундус 1 Әрекет өтініш берушілері үшін толық ақпаратты Действие 1 біздің сайтымызда орыс тілінен табуыңызға болады. Сол жерден қазақстандық жоғары оқу орындарының 2 Әрекетке қатысу туралы ақпаратты табасыз.

Толық ақпаратты келесі сайттан табуыңызға болады: http://eacea.ec.europa.eu/erasmus_mundus

Присоединяйтесь к нам

Мы в Социальных сетях. Подписывайтесь на нас и оставайтесь в курсе новостей.
Эразмус+ Қазақстанда
mod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcounter
158
913
2025
11264
706808

Веб-сайт Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде дайындалған, даму мәсәлелері мен ынтымақтастық жөніндегі Бас Директораты – EuropeAid және кеңейту мәселелері жөніндегі Бас Директораты қаржыландырады. Веб-сайттағы ақпараттар тек авторлардың пікірлерін көрсетеді. Веб-сайтта орналасқан ақпараттардың кез келген қолданылуын Атқарушы Агенттігі және Еуропалық Комиссия өз жауапкершілігіне алмайды.