Эразмус+

 

Эразмус+ - Еуропалық Одақтың 2014-2020 жж. жаңа...

Маңызды!

Егер Сіздің жоғарғы оқу орныңыз PIC нөмір алмаған жағдайда..

Жоғары білім беру жүйесі

Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесі...

Темпус

Темпус - Еуропалық Одақтың 2007-2013 жж. бағдарламасы...

ТЕМПУС

ТЕМПУС - Еуропа Одағының (ЕО) Шығыс Еуропа, Орта Азия, Батыс Балкан және Жерорта теңізі аймағындағы серіктес-елдерде жоғары білім беруді жетілдіру үрдістерін, көбінесе жоғары білім беру орындары арасындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру арқылы қолдауға бағытталған бағдарламаларының бірі.

ТЕМПУС жобаларының аясында, көбінесе ЖОО немесе олардың бірлестіктерінен және академиялық емес серіктестерінен тұратын консорциумдарға қолдау көрсетіледі.

ТЕМПУС (Trans-European mobility programme for university studies – Университеттерге арналған Tранс-Еуропалық ұтқырлық бағдарлама) бағдарламасының бірінші кезеңі шақырулар мен Орта және Шығыс Еуропа елдері: Польша, Венгрия және Чехословакияда (кейін - Болгария, Румыния, Югославия, Латвия, Литва, Эстония, Словения мен Албанияда) жоғары білім секторын жетілдіру талаптарына жауап ретінде

ТЕМПУС II ретінде белгілі болған бағдарламаның келесі кезеңі 1994 жылы басталды. Оның барысындаМолдова, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Әзербайжан, Грузия және Моңғолия, кейіннен – Босния мен Герцоговина, Македония, Түркменістан және Тәжікстан ТЕМПУС-тың серіктес-елдері болды.

2000 жылы бағдарлама келесі ТЕМПУС III- кезеңіне кірді. Жалпы 1990 жылдан 2006 жылға дейін ТЕМПУС бағдарламасының аясында 6500 жобаға қаржы бөлінді, оларды іске асыру үшін Еуропа және серіктес-елдерінің 2000 университеті тартылды.

ТЕМПУС IV (2007-2013) – бағдарламаның жаңа кезеңі. Оның тұжырымдамасын құру барысында алдыңғы кезеңдердің нәтижелері мен тәжірибесі есепке алынды, мысалы бағдарлама артықшылықтарын «ұлттық» және «аймақтықтарға» бөлу.

ТЕМПУС IV аясында жобаның үш типі қаржыландырылды:

Бірлескен жобалар негізінде ЕО унивеситеттері мен серіктес елдердің университтері арасындағы көпжақты серіктестік жатыр. Бірлескен жобалардың негізгі мақсаты – еуропалық оқу орындар мен серіктес елдердің оқу орындарының, жекелеген жағдайда серіктес елдердің жоғары оқу орындарының бір-бірімен білім, тәжірибе алмасуы. Бірлескен жобалар институционалдық деңгейде жүзеге асады. Олар білім беру бағдарламаларын жасауға, ЖОО-на басшылық жасауды жетілдіру және білім беру мен қоғамдағы өзекті болып саналатын басқа да мәселелерді шешуге бағытталған.

Құрылымдық өлшемдер оқу орындарының өзімен қатар, серіктес елдердің білім беру жүйесін реформалауға ықпал ету үшін жасалған. Олар басқару жүйелері мен құрылымдарындағы модернизацияға сәйкес туындаған мәселелерді шешу мен (біліктілік шеңберлері, сапаны арттыу, т.б.) қоғам мен жоғары білім берудің арасындағы байланысты нығайтуға бағытталуы мүмкін.

Бұларға ақпараттық қолдауға байланысты конференциялар, аналитикалық зерттеулер, алдыңғы қатарлы тәжірибемен бөлісу, консультация және т.б. жұмыстар жатады.

Присоединяйтесь к нам

Мы в Социальных сетях. Подписывайтесь на нас и оставайтесь в курсе новостей.
Эразмус+ Қазақстанда
mod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcounter
231
1052
4368
19819
654240

Веб-сайт Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде дайындалған, даму мәсәлелері мен ынтымақтастық жөніндегі Бас Директораты – EuropeAid және кеңейту мәселелері жөніндегі Бас Директораты қаржыландырады. Веб-сайттағы ақпараттар тек авторлардың пікірлерін көрсетеді. Веб-сайтта орналасқан ақпараттардың кез келген қолданылуын Атқарушы Агенттігі және Еуропалық Комиссия өз жауапкершілігіне алмайды.