Эразмус+

 

Эразмус+ - Еуропалық Одақтың 2014-2020 жж. жаңа...

Маңызды!

Егер Сіздің жоғарғы оқу орныңыз PIC нөмір алмаған жағдайда..

Жоғары білім беру жүйесі

Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесі...

Темпус

Темпус - Еуропалық Одақтың 2007-2013 жж. бағдарламасы...

ТЕМПУС IV аясында жобаның үш түрі қаржыландырылады:

БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР. Бірлескен жобалардың негізінде – ЕО және серіктес-елдер университеттерінің көп тарапты серіктестіктері жатады. Олардың негізгі мақсаты – еуропалық жоғары оқу орындары мен серіктес-елдердің оқу орындары арасында білімдер мен тәжірибе алмасу. Бірлескен жобалар институционалдық деңгейде іске асырылады. Олар білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, ЖОО-н басқаруды жетілдіруге және жоғары білім жүйесі мен қоғам үшін маңызды болып табылатын басқа да мәселелерді шешуге бағытталады.

ҚҰРЫЛЫМДЫ ШАРАЛАР. Құрылымды шаралар серіктес-елдердегі оқу орындарының өздерін, сондай-ақ, жоғары білім беру жүйелерін реформалауға арналады. Олар басқарудың құрылымдары мен жүйелерді жетілдіруге байланысты мәселелерді шешуге (біліктілік шектері, сапаны қамтамасыз ету және т.б.) және жоғары білім беру мен қоғам байланыстарын нығайтуға бағытталуы мүмкін.

ІЛЕСПЕ (ҚОСЫМША)ШАРАЛАР. Оларға тарату және ақпараттық қолдауға байланысты қызмет жатады, оның ішінде конференциялар, аналитикалық зерттеулер, табысты тәжірибені алмасу, кеңес беру және басқа шаралар.

БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР мен ҚҰРЫЛЫМДЫ ШАРАЛАРДЫҢ ең көп ұзақтығы – 36 ай. Оларды іске асыруға бөлінетін қаржыландыру сомасы 500 000 Еуродан1 500 000 Еуроға дейін болуы мүмкін.

ТЕМПУС IVбағдарламасы туралы толық ақпаратты Атқару Агенттігінің сайтынан табуыңызға болады: http://eacea.ec.europa.eu/tempus/programme/about_tempus_en.php

Присоединяйтесь к нам

Мы в Социальных сетях. Подписывайтесь на нас и оставайтесь в курсе новостей.
Эразмус+ Қазақстанда
mod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcounter
537
769
2966
21400
562197

Веб-сайт Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде дайындалған, даму мәсәлелері мен ынтымақтастық жөніндегі Бас Директораты – EuropeAid және кеңейту мәселелері жөніндегі Бас Директораты қаржыландырады. Веб-сайттағы ақпараттар тек авторлардың пікірлерін көрсетеді. Веб-сайтта орналасқан ақпараттардың кез келген қолданылуын Атқарушы Агенттігі және Еуропалық Комиссия өз жауапкершілігіне алмайды.